Шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды

«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында шығармашылықты қолдау, өнерді насихаттау, еліміздің мәдениетіне, өнеріне қызығушылықты қалыптастырып, эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлау мақсатында «Шебердің қолы алтын» атты шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

12 топтың жұмыстары қойылған көрмеде не жоқ дейсің, бәрі бар. Зерлеп кесте де қойылған, бізбен тоқыған тоқымалар да, моншақпен тізіп жасаған бұйымдар да, майлы, акварельдік бояулармен салынған небір тақырыптағы суреттер де, дәнді дақылдармен жасалған заттар да, папе-машелік, техникалық шығармашылық және ермексаздан илеп жасаған жұмыстар да бар. Біздің ұстаздарымыз бен ата-аналарымыздың қолынан бәрі келеді екен.

k

Көрме бөбекжай-бақшамызда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Әрбір еңбек сондай керемет, тамаша, кәдуілгі кәсіби өнер шеберлерінен кем емес. Әсем әуен ырғағымен көрмені тамашалаған бүлдіршіндер мен ата-аналар, ұжым мүшелері риза болды. Шара соңында ерекше белсенділікпен қатысқан топ бүлдіршіндері, ата-аналар, ұстаздар марапатталды.

Г.Масалова, «Нұршуақ»

бөбекжай -бақшасының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521