Ұшқыр ойда ой ұшқырлығын танытты

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 10 сынып оқушыларынан құралған "Құлабыз" (қазақ, орыс) командасы Атырау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте өткізілген облыстық "Ұшқыр ой алаңы" атты пікірталас сайысына қатысып қайтты.

Атырау облыстық білім беру басқармасы ұйымдастырған сайысқа қала және облысқа қарасты аудандардан барлығы 18 команда қатысты. Оның ішінде 10 команда қазақ сыныбы, 8 команда орыс сыныбынан болды. Пікірталас сайысының мақсаты оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу, мектептік дебаттық қозғалысты дамыту және насихаттау болды.

Ауданымыздың, оның ішінде мектебіміздің намысын қорғаған қазақ тобының оқушылары (Диас Ситалиев, Марта Төлешова, Гүлнұр Нұриахмет) Алғыс хатқа ие болды.Ал орыс тобы (Диана Құмарова, Құрманғали Қосжанов, Ризуан Қартқожақов) ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

Мөлдір САЛАМАТ,

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT