Шәкірттері "Жас ғалым" жинағына енген ұстаз

Ғылым мен білімге жас ұрпақтың ынтасын арттыру, болашаққа талпындыру қазіргі заманның басты мәселелерінің бірі. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушыда танымдық қабілет, тіршіліктің қыр-сырын меңгеруге талпыныс, білуге деген құштарлық туындайды. Оқушыларын ғылыми зерттеу жұмыстарына талпындырып жүрген ұстаздың бірі Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Бержан Жантөриева.

2018 жылы Бержан Рақымқызының шәкірті Сапидолла Дінмұхаммед "Құмырсқалардың біз білмейтін  сырлары " тақырыбында аудандық "Зерде " ғылыми-зерттеу жобасы бойынша жүлделі 1 орынға, облыстық кезеңнен 2 орынға ие болды. Сол жылы Дінмұхаммед "Жас ғылым зерттеуші " номинациясы бойынша   облыс көлемінде жыл үздігі атанады. Дінмұхаммедтің қорғаған жұмысы республикалық "Ізденгіш жас ғалым" жинағына еніп, 1 дәрежелі дипломмен марапатталады. 2019 жылы "Зерде " ғылыми-зерттеу жобасы конкурсына  қатысқан Сапидолла Айшаның  "Қалташықтағы шәйдің адам ағзасына зияны" тақырыбындағы  зерттеу жұмысы аудандық кезеңде жүлделі 1 орынға ие болса, облыстық кезеңнен жүлделі 3 орынға қол жеткізеді.

2022 жылы " Зерде " ғылыми-зерттеу жобасы бойынша конкурстың аудандық кезеңіне қатысушы 6-сынып оқушылары  Нури Ақарыс "Күркетауық " тақырыбында, ал Сапарова Сымбат "Тиімді тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында қорғаған зерттеу жобасында жүлделі 2 орынға ие болды.

Осы шәкірттерінің  аудан көлемінде қорғаған жоба жұмысы "Жас ғалым-2023" Республикалық ғылыми жобалар байқауының материалдар жинағына еніп, арнаулы дипломмен және медальмен марапатталды.

2023 жылы жалпы білім беретін 5-8 сынып оқушыларының арасында  республикалық " Pro Eko "экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңінде 8-сынып оқушылары Қабылжан Іңкәр мен Орын Әмір "Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем " бағыты бойынша жүлделі 3 орынға ие болды.

Мемлекет басшысының қолдауымен ғылымға жасалынып жатқан қолдауларды насихаттап, еліміздің өсу жолында  пайдалы жаңалық ашуға жас буынды талаптандыру мақсатында өткізілген мектепішілік, аудандық ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жобаларға әр қатысушының жұмысына қарап, зор үміт күтеміз. Ғылыми жоба жұмыстары бүгінгі күннің өзекті тақырыптары экологиялық  бағытта алынды. Білім алушылар алған теориялық білімдерін өмірде қолдануға жұмыстанады. Функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыс жасап, мамандық таңдау, кәсіби бағдар беруге де жол ашады. Алдағы уақытта да шәкірттерімді ғылыми-зерттеу шығармашылық жұмыстарға баулып, ғылым жолында жаңалық жаршысы болып қалануына жұмыстана беремін,- дейді Бержан Жанториева.

Б.Сүлейменқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT