«Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығының иегеріне $10 мың табысталады

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры «Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығын табыстайды.

Жеңімпаз $10 000 көлеміндегі қаржылай жүлдеге ие болады, сонымен қатар финалға қатысушы 10 үздік ұстаздың сауалнамасы Нобель сыйлығының педагогтарға арналған теңдессіз «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу кезеңіне жіберіледі.

2020 жылдан бастап «Үздік педагог – 2019» республикалық жарысының қатысушыларынан басқа, еңбек өтілі үш жылдан кем емес, бастапқы және орта білім мекемелерінің педагогы «Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығына үміткер бола алады.

Оған қатысу үшін www.teacherprize.kz ресми сайтында сауалнама толтыру қажет. Сауалнамалар 2020 жылдың 1 мамырынан 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. «Сауалнамада бағаланатын негізгі критерийлердің бірі – педагогтың қоғамдық маңызы бар әлеуметтік іс-шараларға белсенді қатысуы. Қоғамдық жобалау оқушылардың тұлғалық қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Педагогтың әлеуметтік жобаларда еңбектенуі балаларды біріктіруге, олардың қарым-қатынасын шығармашылыққа толтыруға, балаларды пайдалы істерге қосуға және олардың сана-сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Үміткерлерді әділ іріктеуді тәуелсіз қазылар академиясы жүргізеді. Олардың қатарына Білім және ғылым министрлігінің, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, білім саласындағы тәуелсіз сарапшылар, педагогиканың жетекші мамандары, қоғам қайраткерлері, еліміздің филантроптары кіреді. Халықаралық аудиторлық компания іріктеу үдерісінің аудиті, бағалауы және тестілеуіне қатысып, іріктелген үміткерлердің беделі мен өмірбаяндарына тереңдетілген шолу жүргізеді. Іріктеу Варке қорының (Varkey Foundation) орнатқан критерийлеріне сәйкес өтеді» делінген хабарламада.

«Қазақстан мұғалімі – 2019» ұлттық сыйлығының жеңімпазы қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының $10 000 көлеміндегі қаржылай жүлдесін және «Жаһандық сыйлықтың Қазақстандағы амбассадоры» атағын иеленеді. Бұған дейін бұл жүлдені Нұр-Сұлтан қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәні мұғалімі Гүл Муаммер жеңіп алған. Гүл Муаммер Жаһандық сыйлық жеңімпазының есімі жарияланатын білім және дағды бүкіләлемдік форумына (Global Education and Skills Forum) қатысады.

Дереккөз:aikyn.kz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика