Қауіпсіздік ортаны қамтамасыз етейік!

Таяуда Қосарал орта мектебінде педагогикалық кеңес өткен-ді.

Жиында «Құқық бұзушылықтың алдын алу және имандылық бағытындағы жұмыстар» тақырыбында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Карабалина кеңінен баяндады. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздықтың, панасыз қалудың алдын алу, мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің кешкі қозғалысын бақылау мақсатында мектеп директорының №40 бұйрығымен мектепішілік алқалы кеңес құрылған-ды. Аудандық білім бөлімінің №06-01-3/343 қатынас хатын(14.03.13) басшылыққа ала отырып, мектеп бойынша балалардың құқықтарын өз дәрежесінде қорғау, ішкі жұмыстардың жүйелі жүргізілуі үшін түскен ұсыныс-пікірлерді зерделеу мақсатында сенім жәшігі барлық жастағы балаларға қолжетімді жерде орнатылған.

Атырау облысы Білім беру басқармасының №230 бұйрығымен(10.08.2015) бекітілген «Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік ортаны қамтамасыз ету туралы» ережесін орындау мақсатында жылдық іс-шара жоспары, кезекші, күзетші қызметкерлердің кезекшілік кестесі жасақталып, бөгде адамдарды тіркеу журналы да ашылған. Сондай-ақ мектебіміз турникетпен қамтылған.

Білім беру ұйымында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, қызметкерлердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, террорлық іс-әрекеттердің алдын алу, бөгде адамдардың мектеп территориясына енуін болдырмау мақсатында Қосарал орта мектебінде сақтандыру шаралары күшейтілген. Мектепте 10 бейнекамера ( іште-7, сыртта-3) орнатылған. Бейнекамералар жүйесінің күнделікті жұмыс жасап тұруына жауапты маман-сервер жетекшісі Қ.Қонысов тағайындалған.

Мектептегі оқушылар мен қызметкерлердің қозғалысын жауапты вахтер мен күзетші тәулік бойы монитордан бақылап отырады. Келеңсіздіктер мен күдікті жағдайлар байқалған немесе орын алған жағдайда мектеп әкімшілігі мен жауапты тұлғаларға шұғыл түрде хабарланады.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT