Ойыншықтар әлеміне саяхат

Баланың өсіп-жетілуіне,айнала қоршаған ортаны танып біліп,оған қамқор болуға, жалпы жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге балабақшаның үйретері көп.

Топтағы ойыншықтармен ұқыпты таза ойнау керектігін,ойыншықтардың неден жасалатыны туралы «Ойыншықтар әлеміне саяхат»ойын-сауық барысында балалар танып білді.

Шаттық шеңберіне жиналған балалар бір-біріне жақсы тілектер арнады. Жыл мезгілі туралы сұрақтарға жауап алынды. «Балабақша», «Жаз» туралы білетін тақпақтары еске түсірілді.Балабақшада немен ойнайсыңдар?Сүйікті ойыншығыңды ата? Сұрақтарына балалар жауап берді.Ойыншықтардың неден жасалатыны туралы білу үшін саяхатқа «Пойыз»қимылды ойын арқылы аттандық. «Кең дала» әнін бірге шырқап, «Ойыншықтар әлеміне» де жеттік.Түрлі ойыншықтарды көріп, балалар мәз болды.Ойыншықтар резинкадан, пласмастан,матадан, ағаштан құрылған төрт үстелге орналастырылды.Әр үстелге,ойыншыққа ерекше тоқталып түсіндірілді.Пішіні қандай?Түсі қандай?Неден жасалған?сұрақтарына балалар мүдірмей жауап берді.Ойыншықтар туралы тақпақтары айтылды. «Кір қуыршақ»әнін топ қыздары нақышына келтіріп орындап берді.

Балалар,ойыншықпен дос болуға,ойыншықпен ұқыпты ойнауға,сындырмауға уәде беріп,көңілді тарасты.Ойын арқылы балалалрға ой салатын іс-шаралар біздің топта үнемі өтіп тұрады.

Б.Бегімбаева, «Балдырған» бөбекжай

тәрбиешісі Бейбарыс селосы

Сурет:дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT