Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Жалғансай орта мектебінде «Мұз тұру және сең жүру кезеңіндегі мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтау» тақырыбында жиын өтті.

Оған оқушыларымен қатар АӘД пәні мұғалімі С.Зұлхашев, психолог Г.Калиахматова, Махамбет аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Р.Аманшаев, №11 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы, азаматтық қорғау сержанты Г.Жұмағазиева, осы бөлімнің жүргізушісі, азаматтық қорғау қатарындағы Д.Бауыржанұлы қатысты.

Қауіпсіздік мақсатында өткен жиында аудандық ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Рустам Аманшаев оқушыларды мұздағы қауіпсіздік, жағалауларға жалғыз бармау, ол жерде топ болып тұрмау жайын қозғап, оқыс жағдайлардың алдын алу шаралары, қауіпсіздікті сақтау ережелерімен таныстыра кетті. Оқушыларға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, көрсетілімге сай қатысушылар сұрақтар қойды.

Одан әрі №11 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы, азаматтық қорғау сержанты Гүлбаршын Жұмағазиева өрт қауіпсіздігі, одан сақтану, алғашқы көмек түрлерін көрсетумен таныстыруы нанымды болды.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз