«Мектепке жол» акциясына атсалысыңыз

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы еліміздің барлық аймақтарында жылма-жыл тамыз айында өткізілетін еді, биылғы акция өзгеше болмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды. Білім және ғылым министрлігі мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестік арасында atamekenim.kz порталы арқылы өтініштер мен тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсету туралы келісім жасалды. Бұл платформа тұрақты негізде жұмыс істеуі керек және оның мақсаттылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа тәсіл арқылы көмек көрсету мәдениетін құруға қызмет етуге тиіс, яғни:

- балаға оқу процесіне қажетті заттар¬мен көмек көрсету;

- көмекке мұқтаж адамдар мен қайырымдылық көрсетушілер арасындағы тікелей байланыс;

- көмекке мұқтаж адамдардың шынайылығын растау, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін шешу;

- онлайн режимінде қаражаттың түсуін және пайдаланылуын қадағалау. Осы ақпаратты барлық ауылдық округтерге, білім беру ұйымдарына, ата-аналарға, бөлім, мекеме басшыларына, ауданымыздың жаңалық жаршысы «Жайық шұғыласы» газеті арқылы жеткізіп, өңіріміздегі барлық жомарт жандарды акцияға атсалысуға шақырғымыз келеді.

Әлемге тегіс тараған жұқпалы ауруды есептемегенде, бала-шағасын асырап бағу үшін қандай да болсын жұмыстан тайынбайтын еңбекқор әкелер мен жанашыр аналар біздің қоғамда да бар екенідігі өздеріңізге мәлім. Ол сіздің көршіңіз немесе ауылдасыңыз, болмаса құрбыңыз-құрдасыңыз, танысыңыз немесе туысыңыз да болуы мүмкін.

Балаларға жоқшылықтың әсері тимейді десек, жалған болар еді. Себебі, әрбір өмірге келген сәби ең алдымен ата-ананың қамқорлығына, тұрмыстың түзулігіне тәуелді болады. Одан кейін өскелең ұрпақтың толыққанды білім алуына мүмкіндік жасау ата-ана мен мемлекеттің жарқын болашағына жол ашу. Осы орайда сіз бен біз балаларға оқытуға қажет құрал-жабдықтарын, интернеті жоқ отбасыларға тиісті құрылғыларды, ноутбук немесе компьютерді сыйға тартып, сәби жүректі бір қуанышқа бөлер едік. Ең маңыздысы оларға білім алуға қосымша ерік-жігер мен үлкен мүмкіндік сыйлар едік. (ескеретіні биылғы жылы мектеп формалары алынбайды).

Аудандық білім бөлімі соңғы он жыл көлемінде көмекке мұқтаж, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған аз қамтылған, көпбалалы отбасының бүлдіршіндеріне қол ұшын беріп, оқу жылына сақадай-сай баруына үлестерін қосқан барлық ауданымыздың бөлім, мекеме басшыларына, қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарымен қатар жеке кәсіпкерлерге, жеке шаруа қожалықтарының иелеріне алғыс білдіреді. Сонымен қатар өткен оқу жылында көмек қолын созған бірқатар абзал жандардың аты-жөнін атап, құрмет білдіруді жөн санап отырмыз.

Оның ішінде Ақжайық ауылының азаматтары: Ерманов Дастан, Ерманов Ақтұрлан, Қашаубаев Жәнібек, Әбілов Мақсот, Халелов Қанат;

Ортақшыл ауылынан: Уажипов Мұрат, Кенжеғұлова Баку, Изгалиева Батима;

Есбол ауылынан: Бисенова Маржан, Раева Мендеш, Боранбаева Карлыға, Тюрина Фазила;

Ақтоғай ауылдық округінен: Мұхамбетов Талғат, Тұрсынбаева Айжан, Мусагалиев Асылбек, Зулхожин Манап;

Бақсай ауылынан: Наубаев Боранбай, Ахметов Сисенғали, Иманғалиев Қуанышқали, Жарасов Бағытжан, Сисенов Нұрбол, Құспанова Айсұлу, Шаукенова Жұмағыз, Наубаева Гүлзия;

Талдыкөл ауылынан: Тасқалиев Асқар, Төресаева Жамиға, Қабдрахманова Салтанат;

Алға ауылынан: Үмбетов Медет, Құлданова Райса;

Бейбарыс ауылының азаматтары мен азаматшалары: Ескариев Аманжол, Абишов Тұрарар, Кушумов Артур, Есениязова Асель;

Сарайшық ауылдық округінен: Сейткожаева Салима, Мамбетов Аскар, Әбілсейіт Мұхтар;

Махамбет ауылдық округінен: Мухамбетов Багытжан, Райхет Надежда, Владимир Розметов сынды ірі кәсіпкерлерден бастап қарапайым ауыл тұрғындарына да дейін көмек қолын созып, қайырымды іс жасаған-ды.

Сонымен қатар аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлынан бастап, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қалиев, аудандық сот төрағасы Б.Қыдыргалиев, аудан прокуроры Н.Ешманов, Халық банкі аудандық филиалының директоры Е.Сүндетов, аудандық мәслихат хатшысы М.Мырзашев, бөлім басшылары Е.Андашев, Е.Құлмағамбетов, Е.Айтжанов, Р.Әженов, А.Закариев, Е.Аханов, Ө.Қапанов, Н.Аруев, Б.Мухамбетказиев, О.Мырзабаев, Ж.Пазулов, З.Аманбаева, А.Қабдолова, А.Қуанғалиев, С.Қожырақов, Ж.Дүйсембаев, Б.Супығалиев, Б.Абдуллин, Ф.Утепқалиева, С.Қойшығұлов, А.Зұлқашев, А.Ідірісов, С.Аманғалиев, Б.Бисалиев, М.Сидегалиев, Ә.Есенғалиев, Балалар – жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы директоры Э.Сағындықов, №8 Махамбет ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті мекемесінің меңгерушісі Н.Тілеубергенова, З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің директоры Э.Еспусинова, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің ұжымы, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері, емхана, бөбекжай меңгерушілерімен қоса мектеп директорлары бастаған ұжым мүшелері үнемі осы акция барысында өз адамгершіліктерін танытып,азаматтықтарын көрсетіп келеді. Қазақ халқы ежелден жетім-жесірін желеп-жебеген халық болса, бүгінде сол ата-дәстүрді үзбей жалғастырып келеміз.

Биылғы жылы да көптің көмегімен, қайырымды жандардың қолдауымен қашықтан білім алуға барлық отбасыларға бірауыздан қолдау көрсетіп, жағдай жасаймыз деген сеніміміз мол.

Сондай-ақ панасыз қалған, өз еркінен тыс жұмысқа салынған балалар туралы мәліметіңіз болса, Махамбет аудандық білім бөлімінің 2-15-71 «сенім телефонына» ақпарат берулеріңізге болатындығын және де ақпарат берушінің құпиялығы сақталатындығын қаперлеріңізге береміз.

А.ӘБЕНОВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT