Махамбетте 600 орындық мектеп-интернат 2023 жылы пайдалануға беріледі

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков «Ауыл-Ел бесігі» жобасы іске асырылып жатқан елді мекендерге барды.

52fb9c85393ea81b3634e0e66b23b116_1280x720

Махамбет ауылында ол 600 орындық мектеп-интернаттың құрылысымен танысты. Білім ұясы 2023 жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жаңа мектепте футбол алаңы, баскетбол, волейбол, гимнастика және тенниске арналған спорт залдары салынады.

Айта кетейік, биыл Атырау облысының 30 ауылында 41 жобаны іске асыруға 11,2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521