Мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы көтеріледі

Келесі жылы балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

"Жалақы біраз өсті. Ендігі жылы президенттің тапсырмасына сәйкес тағы 25%-ке процентке артады. Бізде көбіне жалақы көбейеді дегенде мектептегі мұғалімнің айлығы ғана өсетін сияқты болып қабылданады. Бірақ 2020 жылдан бастап жыл сайын, келесі жылы да, мұғалімдердің, балабақша тәрбиешілері мен қызметкерлерінің, колледж қызметкерлерінің, қосымша білімдегі педагогтердің жалақысы 25 пайызға өседі", –  деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.

Министр бүгінде мұғалімдер үй-үйді аралаудан және міндетіне кірмейтін жұмыстардан босатылғанын атап өтті.

"Министрліктің бұйрығына сәйкес енді мұғалімдер күн сайын тек екі құжат қана толтырады. Біз сіздермен бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз", –  деді ол.

 

фото: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз