Латипа Жолдасқызы – алғыс пен абыройға бөленген жан

Ұстаз. Оңашада отырып, ұстаз туралы ойғакетсем, көз алдыма ақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялғабатырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелейжөнеледі.

Ұстаз бейнесішәкірт үшінадамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздыңлаулаған жалыныәр жүрекке жылу сеуіп, нұрқұятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегішырақтың сөнбес ошағы. Ұстазөзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.

Осындай қасиеттерге ие, еліміздің мақтанышы, шәкірттеріне білім шуағын шашып, әріптестеріне үлгі бола білген ардагер ұстаз Жолдасова Латипа анамыз. Барша жанға мейірімін төккен ардақты ана, ұлағаттыұстаздың жаны тек жақсылыққа толы. Көп адамға әжеатанған Латипа Жолдасқызы туралы Сарытоғай«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы атынан бір үзік сыр шертуді жөн көрдім.

Апайдың өз еңбек жолы да бала тәрбиесімен, ұстаздықпен өтті. 1958-1988 жылдар аралығындабалабақшаның тәрбиешісі және 1982-1988 жылдараралығында меңгеруші болып, еңбек етті. Ол кісініңжұмыс барысында үнемі еңбек тәртібі мен білімсапасы қатаң кестемен жүретін. Білім сапасы оқубағдарламасына сай күн тәртібі бойынша уақытылы, жоспарлы түрде жүретін еді. Апайдың мейірімдіалақаны мен елжіреген жүрегі балалардың барлығынөз балаларындай көріп, аналарындай қамқорлықкөрсете білді. Ақылшы болған апайымызды кейбіркеліндер разылығымен «Ел анасы» деп те атаған. Балабақшаның ішкі-сыртқы жасақтары оқу құралдары,ойыншықтары, ойын алаңы әр уақытта дайын тұрушыеді. Бөбекжай алаңдарын көркейтіп тұрған жасылжелек, ата-ана мен балалардың аяғы лас болмасындеп салған тас жолдар, ойын алаңындағы ойынқұралдары неше жыл болса да әлі сол қалпындабөбектердің пайдасына жарауда. Мұның бәріЛәтипаапайдың еңбегі. Сол кезде апаймен бірге әріптесболған тәрбиешілер Райхан Сиджанова, Роза Хохлачева, Нина Розенова, Анна Искендерова, медбике Қалиса Шаумурынова апайлар көп еңбекатқарған.

d848c95e-1f42-4b40-9ec4-3d29ac2cc7a3

Латипа апайдың еңбегінің нәтижесі – облыс, аудан көлемінде еленіп, жергілікті кәсіподақ ұйымы атынан, әкімшілік атынан берілген сансыз мадақтау мен марапаттаулар. 1982 жылы көгілдір экраннан іс-тәжірибесі туралы журналистер келіп, дәріптеген. Оның есімі «Мектепке дейінгі білім беру – ғасырлықтарих шежіресінде» және 1977-2017 жылдардағы«Атырау ұстаздары» атты жинақ кітабына енгізілген. «Коммунистік еңбектің екпіндісі» төсбелгісі мен «Еңбекардагері» медалінің иегері. Латипа Жолдасқызы өзініңтөл жұмысынан бөлек қоғамдық жұмысқа да белсенеараласқан. Екі мәрте ауылдық округінің депутаты болған. 22 жыл сайланбалы түрде ауылдық әйелдеркеңесінің төрайымы қызметін атқарған және ҚарабайҚалыбеков атындағы орта мектепте қоғамдықжұмыстарға белсене атсалысып, ата-аналаркомитетінің төрайымы болып, өз үлесін қосқан. 1988-1996 жыл аралығында өз мамандығы бойыншаСарытоғай орта мектебінде қазақ тілі және әдебиетіпәні мұғалімі болып еңбек етіп, 1996 жылызейнеткерлікке шықты.

Өткенге сәл кейін шегінсек, Ләтипа Жолдасқызының тағдырдың жазғанымен көптеген қиын кезеңдерді басынан өткергеніне бәріміз де куәміз. Бірақ апайдың сол қиындықты асқан өжеттікпен, қайсарлықпен, ақыл-парасаттылығымен жеңіп, дәл қазір көп бейнеттің рахаты мен зейнетін көріп отырған бақытты ана екеніне қызыға қараймыз да, осы қасиет бәрімізде де болса ғой деп қиялдаймыз. Қиыншылықдеп отырғаным, жолдасы Орынбасар Ахметов ағаймен1966 жылы жұптасып, отау құрған. «Өміржалған» дегендей, ағайымыз 1984 жылы өмірден озып, апайымыз 7 баламен жесір қалды. Баланың ең үлкені17 жаста болса, ең кішісі тек 2 айлық сәби еді. Ағайдыңөмірден мезгілсіз өтуі тек өз отбасының емес, елдімекен тұрғындарының да қабырғасын қайыстырды. Ағайдың өзі де 25 жыл бойы осы ауылда бала тәрбиесіне үлесін қосқан өнегелі ұстаз болған еді. Әріспортшы, әрі музыкант, шәкіртіне барлық жағынан үлгіболған байсалды да қарапайым адам болған еді. Содан бес қыз, екі ұлды Латипа апамыз ешкімнен кем етпей, таза әрі әдепті, озат қылып тәрбиелеп, осы күнге жеткізді.

Қазіргі таңда әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған тектілікті ұрпақтары жалғастыруда. Ұлдарыәке жолымен, қыздары мен келіндері аналарыныңізімен келуде. Үлкен қызы Айгүл Атырау қаласындағыбілім бөлімінің әдістемелік кабинеттің жетекшісі, екіншіқызы Дина облыстық еңбек инспекциясында, үшіншіқызы Танагүл «ҚазТрансГаз» аймақта, төртінші қызыАйнагүл Түркияда жеке кәсіппен айналысады, ұлыАйболат әке жолын қуып, дене шынықтыру сабағынандәріс берген, қазіргі уақытта «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында болса, ал Жанболаты«ҚазМұнайГазда» қызмет етуде. Кенже қызы Шарапатанасының жолын жалғастырып, Махамбет ауылындағы«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының тізгінін ұстапотыр. Райхан есімді келіні «Қазақтелеком» мекемесінде басшы болса, Гүлсім келіні аналарыныңжолын қуған ұлғатты ұстаз. Немерелері мен жиендеріде, еліміздің түкпір-түкпірінде, шетелде кереметтейжоғары оқу орындарында білім алуда.

Бүгінде Латипа Жолдасқызының отбасы – жапырағы жайқалған мәуелі ағаш секілді балаларының ортасында ұрпағы жайқалып, өрісі кеңейіп отырған отбасылардың бірі. Міне, осындай алтын алқалы анасексеннің сеңгіріне шығып, көптің алғысы мен разылығына бөленген жан. Осындай ата-анадантараған ұрпақ елдің мақтанышы, әулеттің абыройы. Латипа Жолдасқызы ауыл тұрғындарының көзалдында 12 жасар бала күнінен бастап өсіп-өніп, қазіргікезде кемелденген қариялық кезіне дейін өмір сүріпкеледі. Мерейлі сексен жасқа толған апайымыздыңденіне саулық беріп, өмір жасы әлі де ұзақ болып, балаларының ортасында қуанышты күндерін біргебөлісіп, ұл-қыздарының, немере-жиендерінің қызығынқызықтап, уайымсыз күндерін өткізуін шын жүректентілейміз.

Айгүл НҰРХИЕВА,

«Балбөбек» бөбекжай-бақша меңгерушісі

PR

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521