Атырауда 9-11 сынып оқушылары арасында «JasSkills Atyrau – 2022» облыстық шеберлік чемпионаты өтіп жатыр.
Облыста тұңғыш рет өтіп жатқан шара «Мейрамханалық сервис» және «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша өтуде. Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттырып, шеберлік дағдыларын дамытуды мақсат тұтқан жарыс жастардың кәсіби дамуы мен өсуіне мүмкіндік береді.
– Сонымен қатар, даяршы, бармен мамандықтарына баулып, тамақтандыру қызметі, қызмет көрсету сервисі жұмыстарының беделін арттыруды көздеп отырмыз. Болашақ маманның құзыреттілігін арттыру, қызмет көрсету аясында шеберліктің дәріптелуі және тәжірибелік дағдылардың көтерілуіне әрекет ету, мейрамхана бизнесін индустрия ретінде дамыту, қатысушылардың қызығушылықтарын ояту, біліктілікті және бәсекеге қабілеттілікті көтеру осы шараның басты мақсаты, - деді Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин.
Облыстық чемпионатқа қала мен аудандардан 16 оқушы қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп жатыр.
Алмас ҚАБДОЛОВ