Ұлы Абайдың 175 жылдығына Е.Ағелеуов орта мектебінің 3 орыс "Б" сынып оқушылары өз қылқаламынан туған суреттерін редакциямызға жолдаған болатын.

Осы суреттердің арасынан ең үздігін анықтау мақсатында әлеуметтік желідегі оқырмандардан пікір білдіруін сұраған едік.⠀


Бір аптаға созылған дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс (165) жинаған Мұхаммед Серік жеңімпаз болып танылды.

⠀⠀ Құттықтаймыз!⠀⠀
⠀⠀ Оқушыларға шығармашылық табыс тілей отырып, пікір білдіргендердің баршасына рахмет айтамыз.

«Жайық-Ақпарат»


