Елімізде жаңадан құрылған облыс жастарына қосымша грант бөлінді

Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңадан құрылған өңірлердегі жастарды қолдау мақсатында 5000 грант бөлді. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, мемлекеттік грант иегерлері еліміздегі үздік оқу орындарында білім алады. Ал оқу бітіргеннен кейін жастардың жұмысқа тұруына кепілдік беріледі.

Гранттарды бөлуде жаңа облыстың құрылуына орай сұранысқа ие мамандықтарға басымдық берілген. Мәселен, Ұлытау облысының жастарына 300 грант бөлінген.

"Педагогикалық ғылымдар бойынша 50, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша 45, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласы бойынша 55 және 150 грант бұл инженерия, өңдеу және құрылыс салаларына беріліп отыр.

Халықаралық деңгейдегі жақсы университеттерге, Қазақстанның өте бір маңдайалды университеттеріне де, біздің өңір үшін, біздің өңірдің жастары үшін өте жақсы мүмкіндік", - дейді Ұлытау облыстық білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT