«Еңбек адамы – ел мақтанышы»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны аян. Мұндай шешім елімізде жұмысшы мамандықтарына деген оң көзқарасты қалыптастырып, жастарды нағыз маман иесі болуға ынталандырып, осы саладағы сұранысқа ие мамандық иелерін даярлауға тың серпін берді. Құлсарыдағы аудандық орталық кітапханада ұйымдастырылған «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты кездесу кеші, міне, осы «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналды. Оған өңірде өткен ғасырдан бері жұмысшы мамандықтарын даярлап келе жатқан 60 жылдық тарихы бар С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің, сондай-ақ, Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық және «Мед–профи» колледжінің студенттері, мұғалімдері мен ата-аналары қатысты.

Шараның мақсаты: жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және өз кәсібін жетік меңгерген еңбек адамының ел алдындағы үлесін бағалау, мемлекеттің даму жолында адал еңбек етіп, толағай табысымен өзгеге өнеге бола білген қарапайым жұмысшыларды көпке үлгі ету, құрметтеу. Сол арқылы мамандық таңдап, үлкен өмір жолының бастауында тұрған студенттерге бағыт-бағдар беріп, дұрыс бағыт таңдауына ықпал ету. Қиындығы мен шыжығы қатар жүретін жұмысшы мамандығын меңгерген жандар мұнайлы өңірде көптеп саналады. Өз саласында қажырлы еңбек етіп, ұзақ жылғы бейнетінің зейнетін көріп жүрген елге елеулі ардагер азаматтардың өмірі жолы – жастарға үлгі-өнеге. Солардың бірі – Аманкелді Төлебаев, зейнетке қалса да қоғамнан қол үзбей Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының тұрақты қатысушысы Ермек Зағыпаров, Алмагүл Бүркітбаева мен Күнзира Мұрзатаеваны айрықша атап өтуге болады. Олар осы кездесу кешіне келіп, жастарға өздерінің еңбек жолынан сыр шертті.

күйін шебер орындап, өнерімен тәнті қылды. Кітапханашы Ілес Балбала «Еңбек түбі – береке» көрмесіне шолу жасады. Кешті қорытындылаған аудандық орталық кітапхана директорының орынбасары Кенже Амантұрлықызы кеш қонақтары мен шараға атсалысқан Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұжымына және барша оқырман қауымға алғысын білдірді. Ризашылық ретінде қонақтарға естелік-сыйлықтар табыс етті.

 

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT