ҰБТ-ға екі пән бойынша өзгеріс енгізілді

ҰБТ тапсырмаларының құрылымына да өзгерістер енгізіліп, дұрыс жауап нұсқаларының саны қысқартылады.

Келер жылы Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде "Қазақстан тарихы" пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Биыл да түлектердің және сарапшылардың пікірін ескере отырып, "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша өзгерістер енгізілді. Келесі ҰБТ-дан бастап талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында "Қазақстан тарихы" пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады", - деп хабарлады Емелбаев.

1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары,

11-ден 20-ға дейін – контекстіге негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 мәтін).

"Оқу сауаттылығы" тест тапсырмаларының саны мен формасы да өзгеріске ұшырайды. Енді талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі

Оның айтуынша, жыл сайын Ұлттық тестілеу ортылығы ҰБТ сұрақтарының сапасын одан әрі жетілдіру мақсатында көптеген жұмыс жасайды.

"Сонымен қатар ҰБТ тапсырмаларының құрылымына өзгерістер енгізуді жөн санадық. Нәтижесінде, бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайтылады", - деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы.

Емелбаевтың пікірінше, бұл шешім талапкерлерді бағалаудың жоғары объективтілігін қамтамасыз етіп, нақты статистикалық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Sputnik.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика