Таңдай ауылының «Райхан гүлі» бөбекжайының «Ақбота» тобында шырша мерекесі өтті.
Бөбектер «Шырша жырын», «Шыршаға бардық» әндерін тамылжыта орындады. «Аяз аталар», «Шырша» билерін билеп, ата-аналарды қуанышқа бөледі. Ертегі кейіпкерлері келіп, мерекелік шараның көркін одан әрі қыздыра түсті. Бөбектер Аяз атаға арналған өлеңдерін оқып берді, ертегі кейіпкерлері балаларға сыйлықтар таратты.
Бөбекжай меңгерушісі Б.Құмарова қатысушыларды жаңа жылмен құттықтап, балаларға бақытты балалық шақ тіледі.
Ия, балалық шақтың аспаны мәңгі ашық болып тәуелсіз елдің тұғыры мықты болып егемен елдің болашағы бүлдіршіндердің әлемі таза жігерлі азамат- азаматша болып қалыптасуына бір кісідей атсалысайық деген оймен тарастық.
А.Габдуллиева,
«Райхан гүлі» бөбекжай тәрбиешісі