Білімнің іргетасы балабақшада қаланады

Мектепке дейінгі білім беру – бұл жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде балалардың үйлесімді дамуы, баланы жалпы орта білім берудің бастауыш сатысына дайындау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылатын білім беру ұйымы.

Балабақша – балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді.

Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер саласында, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі ұйымдардың алдында бала тұлғасын жан-жақты дамыту, баланы жоғары сапалы деңгейде тәрбиелеу міндеттері тұр.

  Бұл міндеттерді шешу білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдері арқылы жүзеге асуда. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру үрдісінің мазмұны жаңа әдістер мен педагогикалық технологияларды қолданумен ерекшеленеді.

 Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Оқыту мен тәрбие беру бағыттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының тиімді жүзеге асыруын басты мақсат етіп алған. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау құзыреттілігін арттырып, балалармен  жұмыстарын толыққанды қамтамасыз етіп, зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуын ұлттық рухта тәрбиеленуде.

 Таңдай ауылы « Райхан гүлі » бөбекжай - бақшасында 2023-2024 жаңа оқу жылында 3 топта 65 бала тәрбиеленуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында бөбекжай-бақша, қажетті құралдармен, ойыншықтар мен толық жабдықталған, оқу, ойын және ұйықтау бөлмелерінен басқа, асханасы, мейірбике бөлмесі, мамандар бөлмесі мен ойын алаңдары, бейнебақылау құрылғыларымен заманауи талаптарға сай жасақталған. Білімді де білікті мамандар жұмыс жасайды.Қазіргі заман талаптарына сай әр топта балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,  пәндік дамытушы ортамен  қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылындағы жағымды жаңалық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандарының жалақысы 1- қыркүйектен бастап 30%-ға  өсетіндігі. Алдағы жыл ішінде « Райхан гүлі» бөбекжай-бақша ұжымы ұйымшылдықпен жұмыс атқара бермек.

Биғайша Құмарова,

«Райхангүлі» бөбекжайының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521