«Білім-Ринг» білгірлері анықталды

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру, оның алдын алу, аудан жастары арасында ашықтық пен парасаттылықты насихаттау мақсатында «Білім-Ринг» интеллектуалды сайысы өтті. Әр сала қызметкерлерінен құралған командалар ұшқыр ойларын ортаға салды. Ойынның басты шарты – шапшаңдық. Қатысушылар сұрақтың жауабын тез табумен қатар қарсыластарынан бұрын жауап беріп үлгеруі тиіс.

            Ойын барысында қатысушы команда өкілдері барынша белсенділік танытып, қойылған сауалдарға нақты жауап беруге тырысты. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен сайыстың қорытындысында І орынды аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінің командасы, ІІ орынды О.Шонаев орта мектебінің ұстаздарынан құралған команда жеңіп алса, ІІІ орын Қызылүй орта мектебінің командасына бұйырды. Жақсы нәтиже көрсеткен аудандық емхананың командасы алғыс хатпен марапатталды.

Барлық жеңімпаздарға дипломмен қоса бағалы сыйлықтар да қоса табысталды. Бүгінгідей білім қуатын заманда әрбір озық ойлы жас буын өкілінің рухани дамыған тұлға болып қалыптасуына септігін тигізіп жүрген «Білім-Рингтің» тізгіншісі Нұрлан Азаматовқа аудан жастары да өз тараптарынан алғыстарын білдірді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521