Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнап «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің ұстаздары да жылы қабылдады.
Әсіресе, ұстаздар «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты бөліміне ерекше назар аударды. Мұнда білім беру сапасын жақсарту мәселесіне айрықша тоқталып, білім сапасын көтеріп, оқушылардың қабілетіне қарай кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу керектігі айтылған. Оқушыларға терең білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы жақсы болуы тиіс.
Президент мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды үкіметке тапсырды. Мұғалімдердің жалақысының 25 пайызға өсетіні көпке үлкен қуаныш сыйлады. Бала-біздің болашағымыз. Бала тәрбиесі қоғам-мектеп-отбасы бірлігі болғанда ғана нәтижелі болмақ. Сондықтан бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық берілуі қажет.
Бұл орайда Президент балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін ұсынды. Сондай-ақ жолдауда зейнетақы жүйесін дамыту саласына да ерекше көңіл бөлінген. Зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға, білім алу үшін пайдалануға болатындығы да құптарлық мәселелердің бірі. Жолдауда бізді толғандыратын біраз мәселелер қамтылған.
Қазақстан халқының дамуы үшін іс қимылдар жоспары да әзірленіп жатыр. Болашаққа нық сеніммен қарайтын ұстаздар қауымына бұл міндеттерді жүзеге асыруда зор жауапкершілік жүктелері сөзсіз.
Г.Жексенбаева, Қ.Қарашаұлы атындағы
Сарайшық орта мектебінің директоры
Сурет:дереккөз