Ауданның жас математика пәні мұғалімдері жүлделі орынға ие болды

Атырау облыстық білім беру басқармасы Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығымен бірлесіп «Жас математика пәні мұғалімі-2023» байқауын өткізді.

Оған облысқа  қарасты аудан мектептерінен 135 мұғалім қатысты. Махамбет  ауданының жас математика пәні мұғалімдері  жүлделі орынға ие болды.

Атап айтқанда, О.Шонаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Балторғын Сәлімжанқызы І орынға ие болса, Д.Төленов атындағы орта мектебінің мұғалімі Айбек Тоқтарбеков, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Бауыржан Сүйеуғалиев пен Жалғансай орта мектебінің мұғалімі Сара Жаңбырбаева ІІ орынды, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Жумағыз Баделова, Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің мұғалімі Арайлым Сағынғалиева, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Абзал Еспусинов және  О.Шонаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Фариза Басигариева – ІІІ орынды қанжығаға байлады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз