Атырау қаласындағы еріктілер «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Мектеп тауарларымен толыққан сөмкелерді Жылыой ауданындағы әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға таратамыз. Бұл бастама «Теңізшевройл» компаниясының қаржылай қолдауымен «Теңіз жүрегі» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылуда. Бұл жобаға бір-екі ай бұрын дайындаламыз. Дайын сөмкелер Құлсары қаласындағы №6 мектептің оқушыларына таратылады,- деді «Теңіз жүрегі» жобасының жетекшісі Рысты Жексенбаева.
Айта кетейік, «Теңіз жүрегі» жобасын «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры 2023 жылдан бастап жүзеге асырып келеді