banner_damu

Атырауда «Цифрлы ұстаз» байқауы өтеді

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ұйымдастыруымен қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күніне орай облыстағы барлық білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері арасында «Цифрлы ұстаз» байқауын жариялайды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты білім беру мен тәрбие ісінің сапасын көтеру, педагогтардың білім берудегі озық тәжірибесін насихаттау және заманауи, жаңашыл ұстаздарды анықтау және ынталандыру. Қатысу шарттары:

- Бейнеролик түсіру (білім беру мен тәрбие ісінің тың тәсілдері, т.б.). Ұзақтығы – 1 минутқа дейін;

- Қатысушы бейнероликті Facebook, Instagram парақшаларында 2021 жылғы 10-30 қыркүйек аралығында #atyraupedagogkonkurs хэштегімен жариялау;

- Қатысушы «Атырау газеті», «Прикаспийская коммуна» (Facebook), @atyrau_gazeti.kz, @pricom.kz (Instagram) парақшаларының тіркелушісі болуы;

- Қатысушының облыстық «ATYRAY`», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің біріне 2022 жылға жазылғаны туралы түбіртегі (квитанция) болуы;

- Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданып, үздік жұмыстар облыстық газеттер сайттарында жарияланады. Жеңімпаздар әлеуметтік желідегі рейтингі (көрілім, лүпіл, бөлісуі көп) және мазмұнының тереңдігі бойынша арнайы комиссия шешімімен анықталады. Сонымен қатар, жеңімпаздың облыстық газеттердің әлеуметтік парақшаларындағы белсенділігі ескеріле отырып, жарнамалық сипаттағы және тақырыпқа сәйкес келмейтін бейнероликтер қабылданбайды. Байқау қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күні қарсаңында қорытындыланады.

І орын – ноутбук; ІІ орын – планшет; ІІІ орын – смартфон. Үздіктер арнайы дипломдармен марапатталады.

Анықтама телефондары: +7 707 218 18 69, +7 7122 458 650.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика