Мектеп - интернат жатақханасы төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды ұстаудың қосымша арнайы орны ретінде анықталған.
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Төтенше жағдай туралы" Заңының 13-бабы 2-тармағы 3 тармақшасына сәйкес,
төтенше жағдай кезінде Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты облыстық тіл мүкістігі бар балаларға арналған арнайы №3 мектеп-интернатының жатақханасы Заңда көзделген талаптарға сәйкес келетін болғандықтан, төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды ұстаудың қосымша арнайы орны ретінде анықталып, тұлғалар сол ғимаратта орналастырылды.
Қазіргі кезде мектеп-интернатта оқу үрдісі үзіліссіз сабақ кестесіне сәйкес жүргізіліп отыр, штаттық режимде 139 оқушы білім алуда.
Мектеп-интернатының жатақханасында оқу үрдісі жүрмейді" делінген Атырау облысы білім беру басқармасы таратқан мәліметте.