Республика күні қарсаңында №34 көп салалы мектеп-гимназиясында «Қазақстан – менің арманым!» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында эссе жазудан жалпыреспубликалық байқау өтіп жатыр.
Эсседе байқау тақырыбына сай болып, автордың жеке ұстанымын, автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсете білуі талап етілген.
- Байқаудың мақсаты – оқушылардың бойында Отанға, туған ел мен атамекенге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Туған тарих пен тіл, дәстүр мен төл мәдениет туралы білімдерін, дүниетанымды дамыту. Алған білімдерін бекіте отырып, жазу сауаттылығын арттыру. Эссе қазақ тілінде жазылды. Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек. Дәйек сөздерді, басқалардың пікірлерін пайдаланған кезде ескертулерде мәлімдеменің көзі көрсетілуге тиіс, - деді директордың бейінді-бағдарлы ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Жұмагүл Орынабасарқызы.
Оқушылар арасында өтіп жатқан эссе байқауының қорытындысы шығарылып, комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар анықталады.
Алмас ҚАБДОЛТЕГІ