Атырауда балабақшалар өз жұмысын қайта бастады

Атырау облысында бүгіннен бастап 67 балабақша өз жұмысын қайта бастады. Оның 54-і мемлекеттік болса, қалған 13-і жекеменшік балабақшалар, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырау облысы Білім беру басқармасының жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Ақкенже Исанбергенованың айтуынша, облыста 207 балабақша болса, бүгін 67 балабақша ашылып өз жұмыстарын бастады. Оларда 2 мыңнан астам баланы қамтыған 337 кезекші топтар жұмыс жасауда.

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы ашқан «InfoKazakhstan» атты арнайы сайтқа балабақшалар тіркеліп, электронды өтінім жолдайды. Қорытындысы бойынша кезекші топтарды ашу жұмыстары жалғасып жатыр», дейді ол.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT