Атырау облысы әкімінің грантына тағы 11 түлек ие болды

Атырау облысы әкімдігі жанындағы Білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен тағы 11 жас түлек облыс әкімінің грантына ие болды, деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.

Оның ішінде 10 түлек – дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау, 1 жас – кітап ісі мамандығы бойынша білім алатын болады.

Осылайша, аймақ басшысы бөлген білім грантын иеленгендер саны 89 түлекке жетті.

Жергілікті билік осы арқылы өңірдегі жас мамандар санын толықтырмақ ниетте.⠀

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT