Атырау облыстық білім беру басқармасында жаңа басшы

Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы болып Сатқан Ыбырайұлы Есенғалиев тағайындалды.

Атырау облысы әкімінің Өкімімен сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі келісімімен тағайындалған жаңа басшыны ұжымға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырды.

Сатқан Есенғалиев 1988 жылы Гурьев педагогикалық институтын «тарих, қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Тарих ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Махамбет аудандық мәдениет бөлімінде бастаған. Әр жылдары Махамбет ауданының Жалғансай орта мектебінде, №1 облыстық мектеп-интернатында оқытушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры болып қызмет атқарған.

2008 жылы - Кеңөзек селолық округінің әкімі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті кадрлармен қамтамасыз ету бөлімі бастығы;

2008-2009 жылдары — Атырау қалалық білім бөлімінің бастығы;

2009-2011 жылдары – ҚР Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы;

2011-2013 жылдары - Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы;

2013-2014 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша балалар құқығын қорғау департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2014 жылдан 2017 жылға дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Атырау облысы білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521