«Алтын күз,әсем айналам»

Осындай атаумен «Бұлбұл» бөбекжай-бақшасында «Ботақан» ортаңғы тобы және «Айгөлек», «Құлыншақ» ересек топтары бүлдіршіндерінің қатысуымен күз мерекесіне арналған шара ұйымдастырылды.

«Ботақан» ортаңғы тобының бүлдіршіндері «Көкөністер» мен «Жемістер» топтарына бөлініп сайысқа түссе, ал «Құлыншақ» ересек тобы «Жас корреспондент» айдарымен бейнебаян арқылы ойындар ұйымдастырды.

a

«Айгөлек» ересек тобының ата-аналармен сайысты бейнеролик онлайн түрде өтті. Сондай-ақ ағылшын тілінде сахналанған «Үйшік» ертегісі де, «Менің отбасым» атты әні де көпшіліктің көңілінен шықты. Ағылшын пәні мұғалімі Айнұр Жұлмағанбетова қызметке келгеніне екі ай болса да өзінің еңбекқорлығын көрсете білді.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз-ақпараттық коммуникативтік технологияны қолдану арқылы балалардың қызығушылығын арттыру болатын. Бүлдіршіндердің киімі,сахналық жүріс-тұрысы, өнерлері ата-аналардың көңілінен шығып, ризашылықтарын білдірді.

Қазір дамыған заман, жастарымыз зиялы, ізденімпаз, жан-жақты,сәйкесінше ата-аналарымыз да балалары үшін барын салып, атаулы шараның жоғары деңгейде өтуіне барынша атсалысты.

Аймангүл Садыкова,

«Бұлбұл» бөбекжай-бақшасының

музыка жетекшісі Алмалы ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз