Алғалық Дильназ республикалық Абай оқуларында дара шықты

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына 24-27 тамыз аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІ Республикалық «Абай оқулары» байқауының республикалық кезеңі онлайн режимде өткізілген-ді. ⠀

Байқауға Атырау облысының атынан қатысқан Алға орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дильназ Жұмашева «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша І орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Алтын медалін» жеңіп алды. Оқушының жетекшісі Ләйлә Мұқатованың да еңбегін атап өткен жөн.⠀

Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Руслан Сарбалин облыс намысын қорғап, жеңімпаз атанған оқушыға арнайы дипломды табыстап, мойнына «Алтын медаль» тақты.⠀

⠀

Қ.БАҒЫТ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT