Аймақта жаңа оқу жылында 196 мектепте 131 900 оқушы білім алады

Бұл туралы журналистермен өткізген брифингте Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Пандемия жағдайына байланысты 2020-2021 оқу жылын оқушылар қашықтықтан оқиды. Бірақ, ата-аналар өтінішіне орай, бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады.

Облыстағы 16 693 оқушыға компьютер қажет деген облыс басшысы бұл мәселені шешу үшін жаңа оқу жылы басталғанша оқушыларға 15 246 мектеп компьютерлері қайтарымды келісіммен таратылып беріліп жатқанын айтты.

Бірінші кезекте көп балалы отбасылар мен аз қамтылған жанұяларға берілетінін айрықша атап өткен Махамбет Досмұхамбетов: «3000 бала үшін интернет қажет болып отыр. Осы орайда «Қазақтелеком» АҚ-ы интернет желісін қосу жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек ұялы операторлармен келісімдер жүргізіліп, жалпыға міндетті оқу қорынан қайтарымсыз негізде 3000 роутер сатып алынуда», - деді.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз