"Абай-дана, Абай - дара қазақта"
Осындай атаумен «Алтын-Ай» бөбекжайында қазақ халқының біртуар ақыны Ұлы Абайдың 175 жылдығына байланысты Абай оқулары өтті. Бүлдіршіндер бақ сынасқан шараның алғашқы бөлімінде Абайдың балалық, жастық шағы, өмірі, шығармаларынан бейнесюжет көрсетілді. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, жарысқаны көкейге қонымды болды.
«Әнді сүйсең, менше сүй!» бөлімінде Абай әндері шырқалды. Қатысушыларға бөбекжай меңгерушісі Л.Неталиева бастаған мамандар қазылық етіп, өз бағаларын берді.
Жүлделі 1 орынды Қуандық Жаннұр жеңіп алса, 2 орын Айсәуле Серік, Самира Саянқызына бұйырды. Жүлделі 3 орынды Ақбота Ахатқызы, Эленора Жалғасова, Асылжан Амангелді, Амина Талғат қанжығасына байлады. Ал қалғандары «Алғыс хатпен» марапатталды.
З.Темірова, тіл маманы