303 балаға сертификат табысталды

            Білім күні қарсаңында «Айналайын» қайырымдылық марафоны аясында облыс әкімі М.Досмұхамбетовтың бастамасымен әрі «ЕмбіМұнайГаз» АҚ демеушілігімен өңірдегі 7000-ға жуық ерекше балаға сертификаттар тапсырылды. Онлайн форматта өткен қайырымдылық марафонына облыс, қала, аудан басшылығы, депутаттар, танымал блогерлер, ата-аналар және қаладағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты.

- Мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беру – мемлекттік деңгейде маңызға ие мәселе. Ерекше балаларды психологиялық бейімдеу, тұлға болып қалыптасуларына жан-жақты көмек көрсетіледі. Бүгінгі өткізіліп отырған шара да әлеуметтік осал топ санатындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетіліп отырған қамқорлықтың бір көрінісі.  Балаларға осынау қуанышты сыйлаған «ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамына ерекші ризашылығымызды білдіреміз. Ерекше балаларға қамқорлық таныту шаралары жалғасын табады. Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын,-деді облыс әкімі М.Жолдасқалиұлы.

Айта кету керек, білім беру жүйесінде ерекше балаларға айрықша көңіл бөлінген. Оның дәлелі – облыстағы арнайы кеңес беру, түзеу кабинеттері, мектеп-интернаттар, оңалту орталықтарының қызмет жасауы. Ерекше балалардың инклюзивті білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы орталықтың құрылыс жоспарланып отыр. Орталық салынған жағдайда келушілер психологиялық-медициналық кеңес беру,түзеу кабинеттеріне және өзге де қызметтерге жүгіне алатын болады. Облыс әкімінен басталған акцияны жалғастырған Махамбет ауданының әкім Р.Жанқылыш аудан бойынша мектеп жасындағы 200 ерекше балаға және мектепке дейінгі 103 балаға 15 мың теңгелік сертификаттарды аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Тәжіковаға табыстады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521