Журналистермен жүздесті

Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Бахуұлы жергілікті «Жайық шұғыласы» газеті ұжымымен кездесу өткізді.

Емен-жарқын әңгімелесіп, ашық пікір алмасу бағытындағы бас қосуда аудан басшысы қазіргі жаһандық дәуірдегі толассыз тасқындаған ақпараттар кеңістігіндегі отандық БАҚ-ына қойылар талап пен жауапкершіліктің таразы басын тең ұстау жөніндегі өзінің ойларымен бөлісті. Бұл орайда, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы Даланың Жеті қыры», «Мәңгілік Ел» идеяларын насихаттаудағы баспасөздің рөліне айрықша тоқталды.

k

Өз кезегінде сөз алған аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Н.Ерғалиев журналистердің кәсіби мерекесіне орай осындай кездесу ұйымдастырған аудан әкімдігіне ризашылық сезімін білдірді.

k

k

k

k

k

Аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы кездесуге қатысып отырған бір топ газет қызметкерлері мен «Қазақстан-Атырау» АҚ-ы Махамбет аудандық филиалының қызметкері М.Сабырғалиевке кәсіби мереке құрметіне орай "Алғыс хат" табыстады.

Н.Тельман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз