Жолдауға қолдау

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер жәнеоны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялаған еді. Бұл жолдау елдің жедел дамуына серпін беретін жаңа міндеттер мен бағыттарды айқындап берді. Бұл құжат тап бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуге ғана емес, болашаққа сенімді қадам жасауға бағытталған стратегиялық бағдар болып табылады.  

Жолдаудың басты идеясы-цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу.   Бұнда еңбек нарығын цифрландыру, жаңа мамандықтарды игеру, жастарды заманауи дағдыларға үйретуге бағытталған. 

Бұл мәселелер қазіргі еңбек нарығының дамуымен тығыз байланысты.  Өйткені,  цифрлық трансформацияның ықпалы мен жаңа технологиялардың дамуы қоғамдағы еңбек қызметіне түбегейлі өзгерістер әкелуде.  

Мұнда жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер, қазіргі заманғы дағдыларға бейімдеу, қоғамға қажетті мамандықтарды дамыту, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, болашақта жаңа жұмыс орындарын ашылуына ықпал етеді.

Жолдау қоғамдағы өзгерістерге, жаңа міндеттерге, цифрлық экономиканың  жаңа талаптарына бейімделу жолындағы бағыттарды айқындап берді.  

Басты мақсат-цифрлық дағдыларды дамыту, еңбек нарығына бейімдеу, жұмыссыздардың жаңа мамандықтарды игеруіне қолдау көрсету.  Мұндай бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды еңбек нарығына енгізуге, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.  Еліміз кезең-кезеңімен жан-жақты жүзеге асырылатын саяси жаңғырудың үлгісін тағы да көрсетті.

Сақыпжамал Өтешова,

О.Шонаев атындағы орта мектеп кітапханашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT