Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Акцияға жергілікті полиция қызметінің инспекторлары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қызметкерлері, БАҚ, Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры С.Абатұлы ауданымызда жыл сайын «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтетінін, бұл жол қауіпсіздігінің, көші-қон заңнамасын сақталуы, атап айтқанда мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігіндегі автокөлікті тіркеу, жүргізушілік куәліктерін беру, төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мақсатын көздейтініне тоқталды.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Болатұлы бұл акцияның маңызы зор екенін, көліктегі жолаушылардың амандығын, жол қауіпсіздігін сақтауына тікелей ықпал ететінін айтты.
Акцияға жолаушы тасымалымен айналысып жүрген бір көлік жүргізуші көлікке баламен мінетін жолаушылар тек өзіне ғана ақша төлеп, баласына жолақы төлемейтінін, көптеген көліктерде балалар орынтағы жоқтығын айтып, неше жасқа дейін балаларға жолақы алынбайтынын сұрады. Бұған аудандық полиция бөлімінің ӘПҚ-нің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Мырзахметов жас сәбиімен мінетіндерден басқа, жалпы 12 жасқа дейінгі балалардан жолақы алынбайтынын, мектеп жасына жеткен, кейбір балабақшаға баратын баласына орын алып, бөлек отырғызса, онда жолақы төлеуге міндетті екенін еске салды.
А.Қуанышқалиева.