Жол жүру ережелері

«Алтын-ай» бөбекжайының «Балбөбек» ересектер тобында «Жол жүру ережелері – біздің көмекшіміз!» атты ойын сағаты өткізілді.

Бұл шараның мақсаты балалардың танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту.

Ересек жастағы «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері бұл шараға белсене қатысты. Қоян мен қасқырдың ролінде ойнаған Тынышқали Шұғыла мен Жалғас Әділхан, бағдаршам ролінде Бердіғали Бержан , сондай – ақ тиісті шартты белгілері болып ролде ойнаған бүлдіршіндеріміз жол ережелерімен, шартты белгілерімен, қауіпсіздік белгілерінің міндеттерімен нақтылай таныстыра отырып,жол бойында қалай болса солай жүруге болмайтынын, доп қуалауға болмайтынын, жүріп бара жатқан машинаға жабыспау керектігін сұрақ - жауаптарды кеңінен қолданып, балалардың жол ережелері туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне одан әрі көмектесті.

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Ол үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру үйде – ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда – балабақша тәрбиешілері бірлесіп, жолда жүру қауіпсіздік ережелері мен тәртібін үйретуіміз керек.

Айнагуль ДАНДЫБАЕВА,

Гүлжанар ИБАТОВА,

«Алтын-Ай»бөбекжайының тәрбиешілері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT