«Жол картасына» зерделеу жүргізіледі

Жуырда «Аmanat» партиясы Махамбет аудандық филиалында саяси кеңес бюросының кезекті отырысы өтті. Оған «Аmanat» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты.

Саяси кеңес бюросының кезекті отырысын партияның аудандық филиалының атқарушы хат ­шысы Руслан Әженов ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Жиында бес мәселе қаралды. Атап айтсақ, аудандық мәслихат депу­таттарын сайлауалды бағдарламасы бағыттарынан индикаторла­рына жауапты ретінде бекіту, «Аmanat» партиясы мүшесі ретінде сайланған Ақтоғай ауылдық округі әкімі Есім Мұратовтың 2023-2024 жылдардағы атқарған жұмыстары туралы есебі, партия жанындағы фракция жұмысының есебін тыңдау, мәслихат депутаттарының ауыл тұрғындарын қабылдау кестесіне өзгерістер енгізу, фи­лиал жанындағы партияның бақылау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізіп, бекіту мәселелері қаралып, тыңдалды. Қатысқан бастауыш партия филиалы төрағаларына тиісті жұмыстарын жүйелеу жүктелді.

Саяси кеңес бюросының отырысын аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Р.Болатұлы қорытындылап, «Жол картасының» орындалуы туралы саяси кеңес мүшелерінің құрылыс нысандарындағы кестеге сай жұмыстар жүргізілуін зерделеуді тапсырды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT