Жер кодексіне өзгерістер енгізілді

2018 жылдың 4 мамырында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №151 Заңы қабылданып, күшіне енді.

Осы заңға сәйкес жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтап, одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Ауыл шаруашылығы жерлері бұдан былай конкурстық негізде жалға беріледі. Ал ол жерлер әкімдіктің қоғамдық кеңес және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдармен келісе отырып, бекіткен тізіміне сәйкес беріледі.

Жер беру әкімдік бекітіп, конкурсқа шығарған, қоғамдық ұйым және үкіметтік емес ұйымдармен келісілген тізімге сай ұсынылады. Бұл тізім жалпы ұйымдардың төртеуінің кем дегенде үшеуі оң шешім берген жағдайда келісілді деп саналады. Конкурстың жариялығын қамтамасыз ету үшін жер комиссиясы құрамына салалық қоғамдық бірлестік, кеңестердің, кәсіпкерлер палатасы өкілдерін қатыстыру қарастырылған.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі олардың орналасу схемасымен бірге келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз ұстанымының уәжді негіздемесі бар қорытынды береді. Келісілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бекітеді. Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу мерзімі көрсетілген тізбе бекітілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жаңа заң бойынша барлық ықтимал қатысушыларға конкурс ашықтығын және тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу хабарламасын бұқаралық ақпарат құралдарында және әкімдіктің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау- ды қарастыратын болады. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде және ресми сайттарда жариялау үшін бір мезгілде олар облыс көлеміндегі барлық әкімдіктерге жолданады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.Конкурс қорытындысы шығарылған күні ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жіберіледі. Қорытынды шығарылған күн оның аяқталған күні болып есептеледі.

Сонымен қатар өзгерістер жерді тиімді пайдалануға да қатысты болып отыр. Мысалы, берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды. Жалға алудың алғашқы 5 жылында жыл сайын келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, шабындық жерде әр 5 жылда мониторинг жүргізіліп отырады. Жерді мақсатты пайдалану үшін бақылау күшейеді.

Ғибрат МЫРЗАҒАЛИ,

аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT