Жаза басқанның бәрі жаман адам емес

Аудандық полиция бөлімінің әкімшілік-полиция ғимаратында «Кәсіпкерлікке кең өріс» атты кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандарымен кездесу өткен болатын. Оған пробация қызметі есебінен қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар, полиция инспекторлары қатысты.

Кездесуді аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұргүл Аманкелдіқызы ашып, ҚАЖ департаменті Махамбет аудандық пробация қызметінің 2019 жылдың І тоқсанына арналған іс-шаралар жоспарына сай ұйымдастырылып отырғанын айтып, жиналғандарды аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандарымен таныстырды. Ол соңғы жылдары елімізде ізгілендіру шаралары жүріп, жаза басқан жандарды қолдау, кәсіпкерлікке баулу, жұмысқа орналас- тыру бағытында үкімет қаулысына сай жұмыстар жүріп жатқанын, олардың табылған жұмысқа кірмей, бос жүруінің салдары қайталап, қылмыс жасауына әкеп соқтыратынын меңзеді. Кәсіп ашам деген жандарға үкімет несиесін беріп жатқанын, бүгінде тек кәсіп көзін ашқан адам ғана ұтатынын тілге тиек етті.

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің инспектор-әдіскері Әділ Табылдыұлы арнайы «Кәсіпкер», «Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламалары, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген несиелер туралы слайдтан көрсетіп баяндады. Ол үшін елде жоқ бизнес жоба табуды, бірақ қайтарымсыз грант жылына 1 рет қана берілетінін айтты.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз