Атырау облысы Полиция департаменті мен Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен
Махамбет ауданында жастарға арналған
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Киберқылмыс және нашақорлықпен күрес» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу жастарды құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткіден сақтану, интернет алаяқтықтан қорғану және салауатты өмір салтына баулу мақсатында ұйымдастырылды.
⚖️ Жастарға заң талаптарын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу және цифрлық қауіпсіздіктің маңыздылығы түсіндірілді.


