Жастардың белсенділігі – ел дамуының кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің болашағы – жастардың қолында екенін ерекше атап өтті. Президент жастарды қолдау, олардың білім алуына, кәсіби дамуына және ел өміріне белсенді араласуына жағдай жасау – мемлекет саясатының басты басымдығы екенін айтты.

Бүгінгі белсенді, білімді, мақсатшыл жастар – ертеңгі елдің тірегі. Әрқайсымыз қоғам өміріне белсене араласып, туған жердің дамуына үлес қосуымыз қажет. Себебі елдің өркендеуі – әр азаматтың еңбегіне байланысты.

Жолдауда айтылғандай, жастардың бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетіліп, жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып жатыр. Бұл — еліміздің бізге артқан сенімі мен зор үмітінің айғағы. Мемлекет «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» сияқты бағдарламалар арқылы жас буынның әлеуетін арттыруға нақты қадамдар жасауда.

Сондықтан уақытты тиімді пайдаланып, өз біліміміз бен тәжірибемізді ел игілігіне жұмсайық. Білімді, еңбекқор және отансүйгіш жастар – әділетті әрі дамыған Қазақстанның негізі.

Бірлік пен еңбек – табыстың кілті!

А.Асқарқызы,
Белсенді жас 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT