Балалардың есірткіге тәуелділігі мәселесі біздің қоғамда өте өзекті тақырып.
Ата-аналарға баласының есірткіге тәуелді болып қалғанын қабылдаудан көрі, әдетте оның оқығысы келмейтін, тәртіпке көнбейтін «қиын» бала екенін мойындаған жеңіл. Бірақ жасөспірімдердің психобелсенді заттарды тұтыну проблемасын айтпау жағдайды ушықтырады, себебі заманауи есірткіге тәуелділік аз уақыт ішінде қалыптасады.
Ата-аналар осы проблемаларды талқылаудан үзіл-кесілді жалтарғандықтан, мектептерде де есірткіні қолдану фактілерін жасырып, айтпауға тырысады.
Заманауи нашақордың бет-бейнесі де ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан нашақорлық проблемасын қабылдамауға ықпал етеді. Қазір нашақор — күре тамыры таза жас адам. Ол инъекциялық есірткіні пайдаланбайды.
Заманауи есірткілерді әдетте шекпейді. Бірақ бұл олардың қауіпсіз екендігін білдірмейді. Керісінше. Ағзаға әсер ету күшіне қарай синтетикалық каннабиоидтар өсімдік тектестерден (қара сора, гашиш) 5 есе артық, себебі олар ағзада жиналып, ұзақ уақытқа дейін шықпайды.
Аудан бойынша қазіргі уақытта 15 мектеп пен 1 колледжде жасөспірімдер арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру және алдын алу мақсатында кездесулер, дәрістер мен ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылуда.
Мұндай іс-шаралар балалардың теріс әдеттерден аулақ болуына, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған.
100% жағдайда ол уытты энцефалопатияға (бас миының шашыраңқы органикалық зақымдануы), яғни ерте кезден психикалық және мінез-құлық ауытқуларына әкеп соғады.
Сондықтан да заманауи нашақорлық шұғыл психикалық ауытқулар түрінде жиі алдамшы сипатқа ие болады.
Есірткілер барлығы дерлік жүйке жүйесінің зақымдануына және ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.
Есірткілер зат алмасу процесіне араласып, бірінші кезекте мида көңіл-күйдің өзгеруін бақылауда ұстайтын зат — сератиннің бөлінуін бұғаттайды, ал ол адамды салбыр және немқұрайдылық күйге түсіреді.Иммундық жүйе әлсірейді. Оның салдарынан адам инфекциялық ауруларға тез шалдыққыш болады.
Адамда тек психика ғана емес, бүйрек, бауыр зақымданады, тістері бұзылады, зияткерлік деңгейі күрт төмендейді. Оны шамадан тыс қолдану қаупі өте жоғары, оның ауыр салдары өлімге әкеп соғады. Кей жағдайда ақыл кемдігі, денсаулығының әлсіреуіне, ағзаның азуына әкеледі.
Балаларымыздың болашағы – өз қолымызда! Сондықтан әр ата-ана баласының ортасына, мінез-құлқына, қызығушылығына мұқият назар аударып, уақытылы қолдау көрсетуі қажет. Сақ болайық, себебі бала – өмірдегі ең қымбатты жан!
А.Елешова
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі
ювеналды полиция тобының
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
аға учаскелік полиция инспекторы
полиция майоры

