Жалған хабарлама берген кәсіпкер жауапқа тартылды

Жалған хабарлама берген азаматша достарым «пранк» жасады деп ақталды.

Махамбет ауданы Полиция бөлімінің 102 операторына белгісіз әйел адам қоңырау шалып, аудан орталығында орналасқан өзі иесі болып табылатын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалып, тоналғаны жөнінде хабарлама берген.

Аталған хабарлама бойынша тез арада оқиға орнында жедел тергеу тобы жіберіліп, тексеру барысында берілген хабарламаның жалған екендігі анықталды. Белгілі болғандай, арыз берушінің достары қалжың үшін дүкеннің тоналғаны жөнінде хабарлаған. Енді дүкен иесі жағдайдың растығына көз жеткізбестен жалған хабарлама бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

-Тұрғындардың назарына арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақырған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз