Жайық пен Қиғаш өзендерін түп тереңдету жұмыстары жалғасады

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«2017 - 2020 жылдары Жайық, Қиғаш өзендерінің 152 шақырымында түп тереңдету жүргізілді. Биыл Қиғаштың 17 шақырымында осындай жұмыстар жасалады. Алдағы жылдары 295 шақырым өзен түбін тереңдетуге жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамаға жолданды» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Спикердің атап өтуінше, бұл жұмыстар экологияны жақсартумен қатар, балық қорын молайтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521