Жаңа Конституция – ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығының берік негізі.

Жаңа Конституция – мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын маңызды құжат. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциялық өзгерістер қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілікті арттырып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге жол ашады.
Қорғаныс саласы үшін бұл құжаттың маңызы ерекше. Өйткені ұлттық қауіпсіздік, Отан қорғау міндеті және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы Конституциямен тікелей байланысты. Жаңа Конституцияда тәртіп пен заңдылыққа басымдық берілуі кадрлық жұмысты жүйелеуге, кәсіби әрі жауапты мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Бұл бастамалар ел ішіндегі тұрақтылықты нығайтып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады. Конституция талаптарын сақтау – әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті.

#ЖаңаКонституция #ЗаңҮстемдігі #ҰлттықҚауіпсіздік #МемлекетТұрақтылығы #ҚорғанысСаласы #ӘділеттіҚазақстан

Тасмағамбетова Гүлбану
Махамбет ауданы
қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің
кадр бөлімі басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT