Жаңа Конституцияны ел өміріндегі маңызды бетбұрыс деп қабылдаймын. Себебі ол мемлекеттің тек қазіргі жағдайын емес, болашақтағы даму бағытын да айқындайды. Уақыт өзгерген сайын қоғам да өзгереді, ал заң сол өзгерістерге сай болмаған жағдайда ол өз маңызын жоғалтады. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияны жаңарту қажет қадам болды деп ойлаймын.
Менің байқауымша, жаңа Конституция халық пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуды көздейді. Бұрын қарапайым азаматтар өз пікірінің ескерілетініне кейде күмәнмен қарайтын. Ал енді халықтың дауысын күшейту, әділдікке жақындау ниеті байқалады. Бұл – ел басқаруда жауапкершіліктің артқанын көрсетеді.
Ілес Боранбай


