Жаңа Конституция – болашақ жастардың сенімді тірегі.

 

Менің ойымша, жаңа Конституция – еліміздің болашағына бағытталған маңызды құжат. Ол әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға негіз болады. Әсіресе біз, оқушылар үшін, әділдік пен теңдік қағидаларының сақталуы өте маңызды. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі ел тірегі.
Жаңа өзгерістер қоғамдағы ашықтықты арттырып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтады деп сенемін. Конституцияда көрсетілген құқықтар мен міндеттер әрқайсымызға жауапкершілік жүктейді. Біз тек өз құқығымызды біліп қана қоймай, заңға құрметпен қарауды үйренуіміз керек.
Мектеп қабырғасында жүріп-ақ Конституцияның мәнін түсіну – біздің азаматтық санамыздың қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан жаңа Конституцияны қолдай отырып, оның талаптарын орындау әрбір жас қазақстандықтың міндеті деп есептеймін.

#ЖаңаКонституция #ЖастарҮні #БолашақБағдары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT