Зейнеткер ананың ауласы қардан тазартылды

Пробация есебіндегілер қайырымдылық  ізгі іс-шараға қатыстырылды

Жылдағыдан қалың түскен қар, көлік қозғаласын қиындатып қана қоймай, тұрғындарды да әуреге салды.

Ақпанның қақаған аязында жұртшылықтың уайымы – көше, аула тазалығы. Осыған орай біз Сарытоғай ауылының тұрғыны Нигай Любовь Федосеевна жалғызбасты ананың ауласын қардан тазалауға көмектестік.

Махамбет аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы әділет капитаны А.Молдашева, оқу тәжірибесінен өтуші полиция қатардағы Д.Кабдолов, Сарытоғай ауылына қарасты әлеуметтік қызметкерлер Б.Нурхиева, Ж.Изимбаевалармен бірге пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар да қатысты.

q

-Аталған іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат - есепте тұрған сотталған азаматтарды осындай қайырымдылық істерге қатыстыру арқылы оларды қоғамнан оқшауламай, керісінше қоғамға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, бұл азаматтардың ізгі ісі басқа да есепте тұрған сотталған азаматтарға үлгі болса екен деген ниет,- дейді аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет капитаны Айгүл Теңелбайқызы.

А.КАБДЫКАЙРОВА,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз