Венера Қабышева - кәсіподақ ұйымының жаңа төрайымы

"Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкері кәсіптік одағы" ҚБ Атырау облыстық ұйымының Махамбет аудандық комитеті филиалының төрайымы болып тағайындалды. 

Венера Берікқызы 1976 жылы 6 наурызда Новобогат ауданы Чапаев (қазіргі Исатай ауданы Тұщықұдық ауылы) селосында дүниеге келген. 1997 жылы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «физика және еңбек» факультетін аяқтаған.

1998 жылы Жалғансай орта мектебіне физика және еңбек пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасады.

Аталған мектепте еңбек ете жүріп, 2008-2010 жылдар аралығында мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан.

2010 жылы Махамбет аудандық білім бөліміне әдіскер лауазымы қызметіне орналасып, кейін 2019 жылдың қазан айында  әдістемелік кабинет меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.

Мұғалімдік қызмет пен білім бөлімінің әдіскерлік жұмыстарында қол жеткізген нәтижелері үшін облыс, республика көлемінде түрлі дипломдармен марапатталған.

Аудандық білім бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT